Астана. 1 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған тарифтер бекітіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында хабарлады.
«Тамыз айында министрліктің мынадай бұйрықтары әзірленіп, қол қойылады. Олар: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу қағидаларын бекіту; сондай-ақ медициналық қызметтерге арналған тарифтерді бекіту туралы», - деді министр.
Оның айтуынша, сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде министрлік жекеменшік қызмет көрсетушілер үшін түрлі кедергілерді жоюға, сонымен қатар пациенттің сенімі мен медициналық қызметтердің сапасы негізінде шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауға баса назар аударға
«Қызмет көрсетушіні таңдау рәсімінің ашықтығын жетілдіру мақсатында қызмет көрсетушіні таңдау комиссиясына бірінші рет «Атамекен» ҰКП-ның, медициналық қауымдастықтардың, мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіргізілетін болады», - деді Елжан Біртанов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024