Қазақстанда микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру жөніндегі қор құру жоспарланып отыр деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
"Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың тапсырмасы бойынша министрлік кепілсіз негізде микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру жөніндегі қор құру мәселесін қарастырып жатыр", - деді Қ.Өскенбаев дүйсенбі күні өткен парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясының фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында. Ол Азияның даму банкі Қазақстанда осындай қор құруға дайын екендігін атап өтті. Бұл құрылымды қазіргі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының негізінде қалыптастыру жоспарланып отыр. "Қорды түрлендіру соңғы борышкерлер үшін пайыз мөлшерлемесін төмендетуге, шығарылатын өнім көлемінің үлесін арттыруға, ауылдық жерлерде микроқаржы ұйымдарының қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді вице-министр. Оның айтуынша, қордың құрылуы келешекте бірқатар заңнама актілеріне түзетулердің енгізілуін талап етеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024