Сингапур. 14 қыркүйек. 7kun.kz - Технологияның дамуынан алдағы бес жылда банк қызметінің шамамен 30 пайызы қысқаруы мүмкін. Бұл туралы «Citigroup» компаниясының бұрынғы бас директоры Викрам Пандит мәлімдеді.
«Жасанды интеллект пен робототехника жұмыс процестерін жеңілдетеді және бэк-офис секілді бөлімдердегі мамандардың қажеттілігін төмендетеді», - деді ол.
Викрам Пандит "Citigroup" компаниясын қаржы дағдарысы кезінде 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін басқарды. Қазір 2016 жылы құрылған "Orogen Group" инвестициялық компаниясының бас атқарушы директоры қызметін атқарады. "Citigroup" компаниясы қаржылай қызмет көрсету саласындағы ірі халықаралық корпорация.
Айта кетейік, Уолл-стриттегі ең ірі компаниялар операцияларды автоматтандыру үшін бұлтты есептеу технологияларын қолданып жатыр. Көптеген қызметкерлеріне жаңа жүйеге бейімделіп, басқа жұмыс орнын іздеуге мәжбүрлеген.
2017 жылы маусымда «Bank of America Corp» корпорациясының бас операциялық директоры Том Монтг банк шығындарын азайту үшін, адамдардың қызметін енді технологияға ауыстырып жатқанын айтқан.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024