Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция 25,8 пайызға артты

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция 25,8 пайызға артты

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 105,2 пайызға көбейді, деп хабарлайды inform.kz.

«Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60 пайызынан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», - делінген ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 2018 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4529,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 25,8 пайызға артық.

2018 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 13171,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 5,2 пайызға жоғары.

Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 5,5, өңдеу өнеркәсібінде - 5,2, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 4,4 пайызға артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,2 пайызға төмендеді.

Похожие материалы