Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – Тұтыну несиелерінің көлемі екінші ай қатарынан рекордты жаңартып отыр. 2017 жылдың тамызының қорытындысы бойынша, ҚР екінші деңгейлі банктерінің тұтыну несиелерінің портфелі бір айда 3 пайызға көбейіп, 2,8 трлн теңгеге жетті. Ал бір жылда бұл көрсеткіш 12,1 пайызға көбейген деп хабарлайды naryk.kz.
Екінші деңгейлі банктердің жалпы несиелік портфелінің ішіндегі тұтыну несиелерінің үлесі бір жылда 19,7 пайыздан 21,5 пайызға көтерілді.
Ал бір жылда уақыты өтіп кеткен несиенің үлесі тамыз соңындағы көрсеткіш бойыша 8,5 пайыздан 7 пайызға азайып, 195,8 млрд теңгені құрады.
Елдің 16 өңірі де бір жылда тұтыну несиелерінің көлемін арттырған.
Соның ішінде Астана қаласы көш бастап тұр. Бір жылда Астанадағы тұтыну несиесінің өсімі 16,8 пайыз болса (33 млрд ұлғайып, 229,8 млрд теңгеге жетті), жалпы республикадағы көрсеткіштегі үлесі 7,9 пайыздан 8,2 пайызға артты.
Екінші орындағы Алматының жылдық өсімі 30,9 млрд теңге 3 пайыз, яғни 1045 млрд теңгеге жетті. Ал республика бойынша үлесі 40,6 пайыздан 37,3 пайызға азайды.
Алғашқы үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Қарағандылықтар бір жылда алған несиелерінің көлемін 30,1 млрд теңгеге ұлғайтып (20,4 пайыз), 177,1 млрд теңгеге жеткізді. Республикалық көрсеткіштегі үлесі 5,9 пайыздан 6,3 пайызға көбейді.
Қазақстан бойынша ең қолжетімді несие 1 млн теңгеге дейінгі кепілзатсыз несие.Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024