Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың 4 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 154 632 теңгені құрады. Бұл туралы статистка комитетінен хабарлады.
Салалар бойынша ең жоғарғы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 327,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге жоғары), кен өндіру өнеркәсібінде – 340,9 мың теңге (2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 310,8 мың теңге (2,0 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 230,1 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 197,0 мың теңге.
Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлеріне тиесілі – 90,0 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен. Ал білім беру саласындағы жалақы – 100,0 мың теңге ( тиісінше 35,4%-ға төмен).
Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 273,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 102,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,6%-ға төмен.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024