Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орташа жалақы 152,4 мың теңгені құрады

Қазақстанда орташа жалақы 152,4 мың теңгені құрады

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандықтар көп табыс таба бастады. 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елде орташа жалақы 152,4 мың теңгені құрады. 2017 жылдың аалмыш кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға өсті. Ал жалақыны сатып алу қабілеті 2%-ға артты. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Жалақы қоры 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында тиісінше 1,61 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл өткен жылғыдан 10,2%-ға артық.

Корпоративтік сектормен жұмыс істеуге бағытталған ҚР ірі банктерінде корпоративтік клиенттерге де, қызметкерлерге де жалақы жобалары үшін барынша тартымды жағдайлар ұсынылады.

Заңды тұлғалармен жұмыс істейтін 10 үздік ЕДБ арасында 6 банк серіктес компания қызметкерлеріне тегін жалақы беруді ұсынады. Олар АТФ Банк, ForteBank, Сбербанк, Банк Центркредит, Еуразиялық банк және Цеснабанк. Оның ішінде, жалақы қорының көлеміне қарамастан, бұл қызметке 0 теңге комиссия көрсеткен жалғыз банк – АТФ Банкі.

ForteBank-те жалақы жобалары бойынша бірнеше пакеттік ұсыныстары бар. Комиссиясыз төлем ұйым қызметкерлері ай сайынғы абоненттік төлемді төлеу жағдайында ғана жүреді.

Банк Центркредит және Сбербанкте комиссия, жалақы қоры мен пакет ұсыныстары көлеміне байланысты 0%-дан 0,5%-ға дейін өзгереді. Сондай-ақ, Цеснабанк жалақы қорының есебіне сәйкес, 0% және одан жоғары комиссия көрсетті. Еуразиялық банкте жалақы жобасына ауысу үшін алынатын комиссия 0%-дан 10%-ға дейін.

Похожие материалы