Экономика
Қазақстанда рұқсат беруші құжаттардың саны 49%-ға азайды
Қазақстанда рұқсат беруші құжаттарды саны 49%-ға, 189-ға дейін азайды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Үкіметтің бірінші вице-министрі Бақытан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысын өткізді. Осы жиында президенттің рұқсат беруші құжаттардың санын 50%-ға қысқарту туралы тапсырмасы қарастырылды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстанда 708 рұқсат құжатының 481-і дербес, оның ішінде 41 рұқсат халықаралық қатынастар деңгейінде регламенттен өтеді, 52-сі қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін беріледі.
Сарапшылар жүргізген жүмыстың нәтижесінде 388 рұқсат құжаттың ішінде (халықаралық келісімдер мен қауіпті қызмет түрлерін есепке алмағанда) 111-і жойылды, хабарлаушы тәртіпке 20-сы көшірілді, 58-і рұқсат беруші құжаттар санатынан шығарылды. Ақырында, рұқсат беруші құжаттардың саны 189 дейін (49%-ға) қысқарып отыр.
Сонымен қатар комиссия мүшелері бизнеске көрсетілетін реттеуіш әсерге талдау жүргізу, кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптарды енгізу мәселелерін талқыға салды.
Бұған дейін Қазақстанда бизнеске арналған рұқсат құжаттарының санын 52%-ға қысқартуға қатысты жоспар болғандығы туралы
жазған болатынбыз.