Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда қызметі роботтандырылған он сүт-тауар фермасы бар. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
"Роботтар" дезинфекциялауға, сиырларды азықтандыруға, тұратын жерлерін тазалауға және үй-жайлардағы микроклиматты бақылап отыруға, метеорологиялық стансамен және жеңіл күнмен желдету жүйелерімен жабдықталып, сонымен бірге, сиырдың майын анықтау жұмыстарын атқарады.
Ауылшаруашылығында сондай-ақ, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік, астық қолхаттары, несиелік өтінімдерді жинау және басқару, ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу, мал шаруашылығын есепке алу, оның ішінде өсіру, су және жер ресурстарын басқару салаларында бірқатар қызмет автоматтандырылған.
Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру және өндіріс саласын технологиялық қайта жабдықтау кешенді түрде жүзеге асырылмақ.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





