Экономика
Қазақстанда сүт өнімдерінің импорты экспорттан бес есе артық
Қазақстанда 2014 жылы қышқыл сүт өнімдерінің (йогурт, айран, майлы айран) импорты экспорттан 5,7 есе артық болды. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осылайша, өткен жылы қышқыл сүт өнімдерінің импорт көлемі 32,9 мың тонна болды, экспорт - 5,8 мың тонна. Жалпы алғанда 2014 жылы 20,2 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей экспортқа шығарылған, ал осы өнімнің импортталған көлемі - 42,2 млн тонна. Осы жылдың қаңтар-наурызында бұл өнімнің экспорты 765,5 тоннаны қамтыды.
Қзақстан өткен жылы әкелінен сары май көлемі - 10,42 мың тонна, ал көрсетілген өнімнің экспорты - 0,1 мың тонна. 2015 жылдың І тоқсанында экспорт 107,2 тоннаға жеткен.
Бұған қоса, 2014 жылы сыр мен ірімшіктің импорт көлемі экспорт көлемінен 36 есе жоғары болды - 20,4 мың тонна және 0,6 мың тонна. Осы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан сыртқа 289,7 тонна сыр мен ірімшікті шығарған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстан экспортқа 18,7 тонна балмұздақ шығарған. Бұл ретте сүт өнімдері экспортының 86%-ы Ресейге тиесілі. Қырғызстан мен Өзбекстанның үлесі - 6%.