Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шағын бизнестің табысы артты

Қазақстанда шағын бизнестің табысы артты

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың салық төлемі алынғанға дейінгі табысы 492,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, 2017 жылдың 1 шілдесінде елдегі шағын кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 1,1 млн адам болды. Ал бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 124,2 мың теңгені құрады.

2017 жылдың ІІ тоқсанында қызмет көрсету мен өнімдерді сатудан түске табыс 5,7 трлн теңге, ал шығарылған өнім мен қызмет көлемі 3,3 трлн теңгеге жетті.

Шағын кәсіпорындардың шығыны 3,3 трлн теңге болды. Оның 29,8 пайызы материалды шығындар, 11,9 пайызы жалақы және 7,0 пайызы амортизацияға жұмсалған шығын.

Нәтижесінде компания табысы 389,3 мың теңгеге жетті. Оның ішінде ауыл шаруашылығы секторының табысы 116 млрд теңге болды.

Одан бөлек, қонақүй және тамақтану қызметін ұсынатын компаниялар 2 млрд теңге табыс тапты. Қаржы және сақтандыру контораларының табысы - 49,4 млрд теңге, өнер және көңіл көтеру орындарының табысы - 2 млрд теңгеге жетті.

Ал ғылыми-техниакалық сала керісінше, 50,8 млрд теңге шығынға батты.

Похожие материалы