Сыбайлас жемқорлық ең кең тараған қызметтер - шекарадағы кедендік бақылау және заңды тұлғаларды тарату делінген Қазақстан Қаржы министрлігінің кірістер комитетінің жұмысына жүргізген монитрингтің нәтижелері бойынша жасалған Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының баяндамасында.
Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының тапсырысымен 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың мамыры аралығында өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, параның ең жоғары мөлшері тауарларды кедендік тазалау және тауар құны бойынша қосымша тексеруді жүргізу жөніндегі қызметтерде кездеседі екен - 100-110 мың теңге, заңды тұлғаны тарату қызметі - 70 мың теңге, басқа қызметтер - 5-20 мың теңге.
Бизнестің салық қызметтері бойынша төлейтін сыйақы мөлшері орташа есеппен 55,6 мың теңге болады, кеден қызметтері бойынша - 39,7 мың теңге,. Жеке тұлғаларда: салық қызметтері бойынша - 10 мың теңге, кеден қызметтері бойынша - 15,9 мың теңге.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететін тетіктер нашар құрылған немесе жұмыс істемейді, яғни қызметкерлерде әлі де сыйақы алу мүмкіндігі бар", - деп мәлімдеді жұма күні Алматыда сауалнама қорытындысын таныстырғанда салық төлеушілер қауымдастығының басшысы Жаннат Ертлесова.
Сауалнама мәліметтерін сүйенсек, жеке тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде де жемқорлықтың жоғары деңгейі байқалады екен - респонденттердің 7,8%-ы заңсыз сыйақы берген.
Салық қызметтерінің арасында сыбайлас жемқорлық ең кең тарағаны - заңды тұлғаны тарату және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату. Осы тұрғыда ең жағымсыз көрсеткіштер көрсеткен Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстары.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 13,424 мың респондент қатысқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024