Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаларына негізделген төлем жүйесін құру жоспарланып жатыр. Бұл туралы UnionPay-дың Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерімен аймақтық серіктестігі жөнінде Алматыда өткен конферециясында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
"Астана" халықаралық қаржы орталығын салу барысында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген төлем жүйесін орнату қарастырылуда. Ұлттық Банк SWIFT халықаралық ұйымымен тиісті консультациялар жүргізіп жатыр", - деді Қ.Келімбетов.
Келімбетов үкіметтің "бірыңғай әмбебап шот" тұжырымдамасын мақұлдағанын да айтты. Бұл бағдарламаның белсенді қатысушысы "Қазпошта" болмақ. Сонымен қатар, мобильді экожүйе төлемдерін құру басталып жатқандығы да хабарланды. "Бұл көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және электрондық коммерцияны дамытуға мүмкіндік береді", - дейді Ұлттық банк басшысы.
Қ.Келімбетовтің айтуынша, карталық төлем нарығы тұрақты өсіп келеді. Қазір 16,7 млн төлем карталары айналымда. Соңғы жылдары айналыстағы UnionPay карталарының саны 35 есеге артқан.
"Қазақстан эмитенттерінің UnionPay карталарымен төлемдерінің көлемі 2014 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 7,9 есеге көбейген. Ал VISA төлем жүйесі 1,2 есеге артты", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024