Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 2015 жылдың алғашқы 6 айы ішінде өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға қымбаттады. Бұл жөнінде статистика комитетіне сілтеме бере отырып LS  хабарлайды.

Республика ішінде жаңа үйдің бағасы бір шаршы метріне 222 406 теңгеге жетіп отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында тұрғын үйлерді қайта сату бағалары 2014 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 5,2 пайызға қымбаттаған. 2015 жылдың маусымында 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда жайлы тұрғын үйлер құны 62,1 пайызға, жайсыз тұрғын үйлер бағасы 63,6 пайызға қымбаттаған. Жайлы тұрғын үйлердің шаршы метрі республика бойынша орта есеппен 173 013 теңгені, жайсыз тұрғын үйлер – 100 675 теңгені құрап отыр. Жайлы тұрғын үйлерді жалға алу құны 2014 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда есептік кезеңде 7 пайызға өскен. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап 2015 жылдың маусым айына дейін аталған тұрғын үй түрі үшін бағасы 51,7 пайызға қымбаттаған. Жалға алатын тұрғын үйдің бір шаршы метрі 1 269 теңге. Сонымен бірге 2015 жылдың маусым айында өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үй бағасы 0,2 пайызға, жайлы тұрғын үй бағасы – 0,1 пайызға төмендеген. Десе де, жайлы тұрғын үйлердің жалға алу құны Қазақстанда 0,5 пайызға қымбаттаған.

Похожие материалы