Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына кететін шығындар 33 пайызға артты

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына кететін шығындар 33 пайызға артты

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын үй құрылысына 391 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады LS.

Бұл 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 29,9%-ға артық.

Сонымен бірге аталған мерзімде 14,4 мың жеке үйлер, 337 көп пәтерлі үйлер қолданысқа берілген.

Тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданының 1 шаршы метрін салуға кететін орташа шығындар (бес ай ішінде) 103,8 мың теңгені  құрады, ал жеке салушылар тұрғызған тұрғын үйлерде  бұл сома 78,6 мың теңге болды.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 184,6 мың шаршы метр жалға берілетін  және  56,2 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй қолданысқа берілді.

Похожие материалы