Алматы. 21 тамыз. 7kun.kz - «Заман-Банк» АҚ енді ислам банкі ретінде қызмет атқаратын болды. Соған сәйкес банк 8 мамырда «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ болып қайта тіркелді. Сондай-ақ, 17 тамызда ҚР Ұлттық банк басқармасымен мақұлданған.
Банктің аты мен бағыты өзгергенімен акционерлер құрамы, басшылық, мекен-жайында өзгеріс жоқ. Басқарма төрайымы қызметін бұрынғыдай Елена Гупало атқарады. Сондай-ақ, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 111а мекен-жайында қала береді.
«Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдерде, соның ішінде Қазақстанда күні бүгінге дейін осы тауаша (ниша), әсіресе, бөлшек сауда бағыты бос болып табылады. Біздің байламымызша, дәл осы бөлшектік исламдық қаржы өнімдері қазақстандық нарықта сұранысқа ие болады. Себебі, дәстүрлі банктік кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып отыр. Нарыққа қаржыландырудың басқа формалары қажет. Қазіргі кезде мұндай өнімдер тек мұсылман елдерінде ғана емес, Батыс Еуропада да дамуда. Бұл ретте мысалы, көрші Қырғызстанда ислам банкінің жұмыс тәжірибесі табысты болып шықты»,- дейді банктің басқарма төрайымы Елена Гупало abctv.kz-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, елімізде жалғыз Аl Hilal Bank ислам банкі ғана жұмыс істеп келген еді. «Заман-Банк» АҚ қайта тіркеліп, бағытын өзгертуімен бұл бағытта жұмыс істейтін екінші банк болып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024