Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры теңгелік депозит мөлшерлемесін 17%-ға арттыруға ұсыныс жасады. Бұл туралы LS хабарлайды.
Қор қазақстандықтар тарапынан ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендеп кеткенін атап өтті. Олардың айтуынша, депозиттер банк секторының негізгі қаржыландыру көзі болып табылады . Ақпараттарға сәйкес, 2015 жылы 1 қыркүйекте жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің үлесі 73,5%-ға өскен. Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры, бұл тенденцияны сақтаған жағдайда, осы жылдың аяғына дейін шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 97 % -ға дейін артуы мүмкін. "Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры ұлттық валютаға сенімді нығайту үшін, теңгелік депозит мөлшерлемесін ең жоғарғы мөлшерлеме17%-ға арттырып реттеушінің тарапынан шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ұсынады. Тиісті ұсыныстар Ұлттық банк қарауына жіберілді",- қор өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақыттағы Қазақстандағы теңгемен депозиттік мөлшерлеме көлемі 10,5%-ды құрайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024