Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда темекінің бөлшектік сауда көлемі 4 пайызға төмендеп, 23,3 млрд дананы құрады. Бұл туралы Euromonitor сараптама агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, темекі өнімдерінің саудасы қаржылай есептегенде 11 пайызға өсіп, 422,4 млрд теңгеге жетті. Компания сарапшыларының пікірінше, бөлшектік сауда көлемі негізінен қазақстандықтардың темекі шегуін төмендету мақсатында жүгізілген мемлекеттік шаралардың нәтижесінде төмендеп кеткен. Сонымен қатар, жыл сайынғы акциздік салықтың артуы мен минималды бөлшектік баға да әсер етті. Бұл тенденция, сарапшылардың айтуынша, салаға инвестиция тартуғ да кері ықпалын тигізді.
Одан бөлек, Euromonitor 2016 қазақстандық нарықты 4 ірі темекі компаниясы бөліп алды деді. Олар Japan American Tobacco - нарықтың 40 пайызын иеленіп көшбасшы позициясын сақтап қалды. Одан кейін, Philip Morris 29 пайыздық үлеспен екінші орынға тұрақтады. British American Tobacco-ның бөлшектік нарықтағы үлесі - 20 пайыз, яғни үшінші орында. Алғашқы төрттікті аяқтайтын Imperial Tobacco Kazakhstan (саудадағы үлесі - 9%). Басқа ойыншылардың үлесі жалпы темекі саудасының 2 пайызы тиесілі.
Еске салсақ, бұған дейін, Қазақстанда темекі өндірісінің қысқарғанын хабарлағанбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024