Астана. 25 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстанда бірыңғай IMEI-код базасында тіркелмеген телефондарды бұғаттайтын болады. Бұл туралы Kcell және Beeline баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР «Кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңына байланысты телефондарды IMEI коды бойынша тіркеу міндетін бекітті. Қазір Қазақстан бірыңғай IMEI кодтар базасын құруды бастады. ҚР ақпарат және байланыс министрлігі осы сұрақ бойынша ұялы телефон операторларының қатысуымен жиын өткізді.
«2016 жылдың 22-ші қаңтарында «Ұялы байланыс» туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2017 жылдың қаңтарынан бастап, ұялы байланыс операторларымен IMEI кодтардың бірыңғай базасын құру туралы белсенді жұмыс басталды»,-деп мәлімдеді Kcell баспасөз-қызметі.
Осы заңға сәйкес, ұялы байланыс операторлары тіркелмеген абоненттердің телефондарын бұғаттауға міндетті. Бұғаттау жұмыстары 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап жүргізіледі.
«Kcell мен Beeline өкілдері бірыңғай базаны құрушы жұмысшы топқа қосылды. Қазақстандықтар телефондарын қандай жолмен тіркейтіндігі әлі белгісіз, механизмі жасалынбады. Бірақ заңға сәйкес, жақын арада реттеуші ұялы байланыс құралдарын тіркеу ережелерін жасап шығаруы тиіс. Қазір механизм еш кедергісіз жұмыс істеу үшін және тіркелу оңай жүзеге асу үшін ұсыныстар қызу талқыланып жатыр»,-деді Beeline операторлары.
Сонымен қатар, ұялы байланыс операторлары телефондарды тіркеудің мақсаттарын да атап өтті. Олардың айтуынша, IMEI кодтардың бірыңғай базасын құру басқаның мүлкін ұрлау әрекеттерінің де алдын алады. Бұл ереже Қырғыз Республикасының заңнама нормаларынан алынған. Халықаралық тәжірибені зерттеу мен практикаға енгізу Түркия, Әзербайжан және Украинада жақсы нәтиже берген.
2016 жылы қыркүйекте «Кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы өткен парламент мәжілісінде «Бұл заң желіде ұялы байланыстың қолданылуын тоқтату үшін және Қазақстанға IMEI кодтары бірдей телефондарды кіргізуді тоқтату үшін енгізіледі. Сонымен бірге, мемлекет территориясына тасымалданатын құралдар бірыңғай базаға біріктіріледі және қолданушылардың абоненттік нөмірлерімен сәйкестендіріп тіркеу жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Колкобаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024