"ВКонтакте" әлеуметтік желісін пайдалануда кедергілер туындап жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, қолданушының провайдер қызметі мен орналасқан аймағына қарамастан желіге кіру баяулаған. Ақау 22 қыркүйек күні кешке пайда болған.
Естеріңізге сала кетейік, Роскомнадзор "ВКонтакте" желісіндегі бес топқа бұғаулау қойған. Оның ішінде "Дети-404" деп аталатын жасөспірімдер арасында сексуалдық қатынасты насихаттайтын топ бар. Сондай-ақ, аталған топта сексуалдық суреттер мен жас жеткіншектерді таныстыруға арналған хабарламалар болған деп хабарлады ведомства. Роскомнадзор сайт әкімшілігіне тыйым салынған топтарды өшіріп тастауын міндеттеді. Іс атқарылмаған жағдайда үш күн ішінде топ парақшалары мен "Вконтакте" сайты толығымен бұғауланатынын ескертті.
Бұл мәселе Қазақстандағы "ВКонтакте" желісінің пайдаланылуына қаншалықты әсер ететіндігі әзірге белгісіз. Сайттың баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин Роскомнадзордың қойған талаптарын қарап жатқандығын мәлімдеді. "Біз Роскомнадзордан желідегі бірнеше топтарды жою туралы ескерту алдық. Қазіргі таңда ақпарат бойынша жұмыс атқарып жатырмыз", - деп жазды өз парақшасында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024