Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстандағы басшылар біліктілік деңгейі жоғарғы қызметкерлерімен салыстырғанда 2 есе артық жалақы алады. Ал біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,6 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,4 есеге көп. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен хабарлайды.
Ең жоғарғы жалақы мұнай және табиғи газды өндіру саласында басшыларында – 1 млн 118 мың теңге. Бұл көмір өндіру саласындағы басшылардың алатын жалақысынан 4,2 есе және құрылыс саласынан 3 есе жоғары. Мұнай және газ саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандардың жоғары жалақысы тиісінше – 571 мың теңге, 482 мың теңге. Ал 297 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды.
Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде - 308 мың теңге. Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (166 мың теңге) алады. Тракторшы жалақысы - 147 мың теңге, ал төменгі жалақы – фермерлер мен қырықтықшылар және күзетшілерде (27 – 41 мың теңге).
Әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйым басшылары лауазымында жұмыс істейтін ер адамдардың жалақысы 540 мың теңге, аудармашы 282 мың теңге, экономист 202 мың тенге, есепші 167 мың теңге алады. Бұл әйелдердің орташа жалақысынан 1,1-2,2 есе жоғары.
2016 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы және Атырау облысындағы ұйым басшыларында ең жоғары жалақы болды (920 мың теңге және 716 мың теңге). Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Алматы облыстарында, мұнда басшылар 226 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін алады. Аймақ басшылары арасындағы ең жоғарғы және ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылық 4 есе.
Экономистің жоғары жалақысы Астана қаласы және Атырау облысында тіркелді, тиісінше 251 мың теңге және 248 мың теңге, ал төменгі - Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 94 - 104 мың теңге. Астана қаласындағы дәрігердің жоғары жалақысы - 175 мың теңге, Қарағанды облысында 129 мың теңге.
Еліміз бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалім жалақысы орташа 133 мың теңге болды. Білім беру жүйесінде оқытушыларда - 109 мың теңге және тәрбиеленушіде – 75 мың теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024