Қазақ қызы қырық жанды. Отбасының ұйытқысы болып жүріп, бтлік пен байлықты да уысына ұстай біледі. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 7kun.kz Қазақстандағы ең дәулетті арулардың тізімін ұсынады.
Динара Құлыбаева
Forbes журналының 2011 жылғы нұсқасында Д. Құлыбаеваның дәулетін 1,3 млрд АҚШ долларына бағаланды (әлемдегі № 938 және Қазақстандағы № 4). Ол Тимур Құлыбаевтың зайыбы. Бір ұлы, екі қызы бар.
Күйеуі Тимур Құлыбаев екеуі "АЛМЭКС" Холдинг тобының құрылтайшылары. Аталған компания арқылы Қазақстан Халық Банкі Акционерлік қоғамының иесі деп танылады.
Бұл холдингтік топқа “Фирма “АЛМЭКС Плюс” ЖШС (51%), "SAT&C" АҚ (7,09%), “Кипрос” ЖШС және оның еншілес кәсіпорындары: “Южный Холдинг” ЖШС, “Атыраумұнайөнімдері”, “Континент Инвест Групп”, “Мұнай Даму” ЖШС, BUSINESS STROYINVEST-A ЖШС және “Меркурий 1999″ ЖШС мен оның еншілестері: GolfTown ЖШС, Mercury Engineering ЖШС, “Терминал-Петропавловск Меркурий”, “ТЭК Казахстан” ЖШС, “КазГипроНефтеТранс” компаниясы, “Жайық Құрылыс-Газ” ЖШС, “Ақсайгазсервис”, “Казбургаз” кіреді. Құлыбаевтар отбасы, сонымен қатар “Алтыналмас” компаниясы және “Казстройсервис” тау-металлургия комбинатына иелік етеді. Д.Құлыбаева Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық Білім қорын басқарады және оның 100% иегері. Сондай-қ, ол «Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің басқарма төрағасы.
Айгүл Нұриева
Алматы экономика және статистика академиясының бұрынғы ректоры, профессор Марат Нұриевтің қызы. 1996 жылы Нұриев қауіпсіздік кеңесінің орынбасары, кейін хатшылығының орынбасары қызметін атқарады.
Forbes Kazakhstan журналының жазуы бойынша, ол Қазақстандағы 50 дәулетті адамдар тізімінде 15 орынды иеленеді. Нұривеаның мүлкі 780 млн долларға бағаланған. Оның ең табысты активі - "Қазақтелеком" АҚ. 2012 жылдан бастап, қазақстандық Alem Communications компаниясының WiMAX желісіне иелік етеді. Аталмыш компанияны кезінде 170 млн долларға сатып алған. Оған Alem Communications-тің 85,53%-ы тиесілі. Midas Telecom-ның 55%-ы мен A1 System Kazakhstan мен Kaznet Media ЖШС-нің 99%-ы да Нұриеваның қарамағында. 2005 жылдан бастап, Айгүл Нұриева Bodam B.V-дің жалғыз қожайыны атанды. “Қазақтелекомның” 15,18%-ы және “Мобайл Телеком-Сервистің” 49%-ы да оған тиесілі. 2007 жылдың наурызынан – “Қазақтелеком” директорлар кеңесінің мүшесі. 2008 жылдан бастап, Alnair Capital Holding АҚ директоры (Қазкоммерцбанктің 28,76%).
Дариға Назарбаева
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, саяси қайраткер, саясат ғылымдарының докторы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Екі ұлы, бір қызы бар.
Forbes Kazakhstan-ның ақпараты бойынша, Дариға Назарбаеваның ең негізгі активінің бірі - ALMA TV. Оның мүлкі 595 млн долларға бағаланған.
Бұл телекоммуникация лимитсіз интернет желісін Қазақстанның 18 қаласына таратады және компанияның 80%-ы Дариғанікі болса, қалған 20%-ы Нұрәлі Әлиевке тиесілі. Компания 1994 жылы «Алма-ТВ» ЖАҚ ретінде құрылған еді. Оның 50% үлесі американдық Metromedia International Telecommunications Inc. компаниясына тиісілі болған. Ал 2012 жылы американдықтардың үлесі сатылып алынды. Сондай-ақ, “Европа плюс Қазақстан” АҚ, НТК, “АлмаИнвестХолдинг”, “Алматыстройснаб” ЖШС-і Дариғаның қоластында.
Альфия Қуанышева
Тимур және Альфия Қуанышева – ірі “БАТТ” инвестициялық компаниясының қожайындары. Аталмыш компания құрылысқа, мұнай, газ, ауыл шаруашылығына инвестиция құяды. Сонымен қатар “Адем” сауда үйі де Қуанышеваның иелігінде. Қуанышевтар отбасының байлығы 300 млн долларға бағаланған.
Тимур Қуанышев – “БАТТ” корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және “PNB Казахстан” директорлар кеңесінің мүшесі. Альфия Қуанышева – “БАТТ” корпорациясының қосарлас төрайымы.
Оған сонымен қатар “PNB Казахстан” акциясының 7,38% тиесілі. Бұл компания “Сбербанкпен” бірге Алматыда халықаралық Ramada қонақүй кешенін салу жобасы – Salem Hotel Management-ті қолға алған. Жобаның жалпы құны 2 млрд 450 млн теңгені құрайды.
Айта кетейік, Тимур мен Альфия Қуанышевтар Ұлыбританияның ханзадасы Уильям мен Кейт Миддлтонның үйлену тойына шақырылған жалғыз қазақстандықтар болды.
Әлия Назарбаева
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері. Нұрсұлтан Назарбаевтің кіші қызы. Бір қызы бар. Қазіргі таңда Әлия Қазақстанның қоршаған ортаны қорғауға байланысты бір қатар жобаларға жетекшілік етеді.
Әлияның активтеріне «DALACOM» және «PAThWORD» байланыс операторлары, Қазақстандағы ірі «LUXOR» сауықтыру клубы, «Мак Альянс» корпорациясы мен "Элитстрой" құрылыс компаниясы жатады.
Ол "Алматыфарм" корпорациясының президенті, «Caspian Industries Ltd.» ЖШС-ның бас директоры және «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы.
Баян Есентаева
Белігілі қазақстандық продюсер, "Shine Production" компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші, редактор және «Ғашықтар әлемі» журналының иемденушісі. Екі қызы бар.
Forbes Kazakhstan-ның 2013-2015 жылдардағы шоу-бизнестің үздік бес жұлдызы тізімінде болған. Сарапшылардың есептеуі бойынша, оның 2013 жылғы табысы - 480 мың доллар, 2014 жылы- 850 мың доллар, 2015 жылы - 1 млн доллар болған. Оның Shine Production компаниясы жеті бірдей музыкалық ұжымға продюсерлік етеді.
Динара Сатжан
"Миссис Қазақстан - 2009" байқауының жеңімпазы болған, Динара Сатжан "Sky студия"бағдарламасының продюсері әрі негізін қалаушысы. Бір ұлы бар.
Сонымен қатар, Динара сән әлемінде де жұмыс жасауда. "Dinara Satzhan Fashion Group"шоу-румның иесі. Астана қаласында "Beauty room D.Satzhan" о қу орталығы бар. Онда шаштараз, визажист, массаж, маникюр мастерлерін тәрбиелейді. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Оның табысы 300 мың долларды құрайды. Өткен жылы Астана қаласында "Монако" қонақүйін ашты.
Жұлдыз ЕРІК "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024