Астана. 28 тамыз. 7kun.kz - Бұл жөнінде ҚазАқпарат Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақовқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Осы жылы біз «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» автомобиль жолдарын ақылы етеміз. Ал қалған 5 мың шақырым бойынша біз жоба-сметалық құжаттар әзірлеудеміз және оларды қараша айында аяқтаймыз. Келер жылы осы бағыттағы жұмыстар қолға алына бастайды. Келесі жылы 5 мың км жолды ақылы етуіміз керек» -, деді министрлік өкілі.
С.Бармақовтың айтуынша, аталған жолдардың ақылы ету жүйесі «Астана-Щучинск» трассасы бойындағыдай гибридті болады.
«Баға арнайы алқа отырысының шешімі негізінде нақтыланады. Бізде бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайтын арнайы комиссия бар. Әзірге 1 км жолдың құны 1 теңге. Әзірге өзгеріс жоқ. Ақылы жолдан түсетін пайда жолды күтіп, ұстауға жұмсалады. Жолды жөндеп, күтуге біз бюджеттен бір тиын да бөлмейміз»,- деді комитет төрағасының орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024