Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы инфляция ЕАЭО-дағы ең жоғары көрсеткішке ие

Қазақстандағы инфляция ЕАЭО-дағы ең жоғары көрсеткішке ие

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Евразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері ішінде ең жоғары жылдық инфляция Қазақстанда, деп хабарлады LS.

Евразиялық экономикалық комиссия деректері бойынша 2018 жылдың мамырындағы Қазақстандағы жылдық инфляция 2017 жылмен салыстырғанда 6,2%-ды құрады. Өз кезегінде Беларуссияда баға бір жыл ішінде 4,4%-ға, Ресейде - 2,4%,  Арменияда - 1,6%, Қырғызстанда – 1,4% өскен.

Осылайша, Қазақстандағы жылдық инфляция ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Сонымен бірге 2018 жылдың қаңтар мамыр айларындағы инфляция 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда да ЕАЭО-дағы ең жоғары - 6,5%-ға дейін жеткен.

Сондай-ақ деректерге сәйкес мамырда ЕАЭО бойынша жылдық инфляция 2,8%-ға жетті.

Қазақстандағы секторлар бойынша алғанда азық-түлік емес тауарларда баға ең жоғары өсімді көрсетіп, бір жыл ішінде 8,4%ға артқан. Азық-түлік тауарлары болса жыл ішінде 5,1%-ға, ал ақылы қызметтер 5,3%-ға қымбаттаған.

Похожие материалы