Астана. 3 қыркүйек. 7kun.kz - 2016 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 588 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экномика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларының есебіне сәйкес, халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 6,6%-ға, 2015 жылғы тамызбен салыстырғанда 13,8%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,6%, жемістер мен көкөністер – 15,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 15%, нан және жарма өнімдерін – 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,6%-ды құрады.
теңге
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда |
0-13 жастағы балалар |
14-17 жастағы жасөспірімдер |
18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық |
Зейнет-керлер мен қарт адамдар |
|||
жас жігіттер |
қыздар |
ерлер |
әйелдер |
||||
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы |
23 588 |
21 380 |
29 237 |
22 403 |
27 616 |
21 903 |
21 696 |
Азық-түлік тауарлары |
14 153 |
12 828 |
17 542 |
13 442 |
16 570 |
13 142 |
13 017 |
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер |
9 435 |
8 552 |
11 695 |
8 961 |
11 046 |
8 761 |
8 679 |