Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы кинотеатрлардың саны жыл ішінде 2,1 пайызға өсті

Қазақстандағы кинотеатрлардың саны жыл ішінде 2,1 пайызға өсті

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Сәуір айында киномандар үшін кинотеатрға бару билетінің орташа алғандағы бағасы 1 221 теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Ең жоғары баға Астана қаласында (1533 теңге), Алматы (1224 теңге) және Ақтау (1200 теңге) қалаларында байқалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы кинотеатрлардың саны жыл ішінде 2,1%-ға өсті. Кинотеатрлар залының саны бірден 19%-ға, 313 залға артты. Ал олардағы орындардың саны 12,8%-ға, 46,7 мыңға жетті.

Киносеанстар саны жылына 20%-ға артып, 695,6 мыңға жетті. Оның 687,6 мыңы - толық метражды фильмдер.

Кинотеатрдағы ұлттық фильмдердің көрсетілім саны бірден 1,5 есеге, 78,2 мыңға дейін өсті.

Сондай-ақ, 2017 жылы кинотеатрлардың кірісі 18,5 млрд теңгеге жетті. Бұл 2016 жылға қарағанда 31,2%-ға көп.

Қазақстандықтар кинотеатрға баруды жиілетті. Соған байланысты кинотеатрларға келушілердің саны жылына 21,6%-ға артып, 17,6 млн адамға жетті.

Сонымен қатар,кішкентай көрермендердің саны 9,4%-ға, 3,5 млн адамға жетті.

Қазақстандық кинотеатрлар өсуде: фильмдерді шығаратын ұйымдардың саны бірден 73,1%-ға, 45-ке дейін, Олар шығарған фильмдер саны 35,9%-ға, 348-ге дейін өсті.

Похожие материалы