Қазақстандағы шағын бизнестің кірісі артты. Ірі бизнеспен салыстырғанда аталған бизнестің түсімі 25 пайызға өсті деп хабарлайды Today.kz.
2015 жылдың 6 айдағы нәтижесі бойынша, ірі және орта бизнестің пайдасы 40 пайызға жеткен жоқ. Ал кіші бизнестің кірісі былтырғы қалпын сақтап қалды. Дағдарыс уақытында ірі бизнестен гөрі кіші бизнес өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. І жарты жылдықтың есебі бойынша кіші бизнес былтырғы деңгейді сақтап,435 миллиард теңгені құрады. Кіші бизнестің ең жоғарғы кіріс нәтижесін тау-кен ісі секторы көрсетті. Сектордың кірісі 2015 жылдың қаңтар-маусым айында 140,1 миллиард теңгені құрады. Алайда тау-кен өндірісіне әлемдік сұраныстың азайуына байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда әлемдегі түсім екі есе азайған. Сондай-ақ, техника және ғылым саласындағы кіші бизнестердің пайдасы 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артты немесе 106,9 миллиард теңге болды. Ал қаржылық іске байланысты кіші бизнестің кірісі 4,8 есе өсті (68,8 млрд теңге).Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024