Астана. 16 ақпан. 7kun.kz - Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев пайыздық мөлшерлеме түсуі мүмкін екенін айтты.
«2016 жылы базалық мөлшерлеме 17%-дан 12%-ға түсті. 2017 жылы да пайыздық мөлшерлеменің түсу ықтималдылығы жоғары. Ұлттық банк жұмысы басты назарды қаржы нарығындағы шамаға сәйкес пайыздық ставканы қалыптастыруға қойып отыр», — деді Данияр Ақышев.
Одан бөлек, орталық банк негізгі қызметі ретінде бағаның тұрақтылығын сақтауды алып отыр.
«Өткен жылы инфляцияя 7,9 пайызды құрағандықтан, 2017 жылы инфляция көрсеткіші 6−8% аралығындағы дәлізге енді. Біздің болжауымызша, 2017 жылы инфляция деңгейі қандай да бір күрт өзгеріс болмаса, үкімет пен Ұлттық банк бекіткен дәліз деңгейінде сақталады. Қысқа мерзімді аралықта инфляцияны 3−4 пайызға дейін түсіруді жоспарлап та отырмыз», — деді Ақышев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024