Қазақстандағы LEGO®Education Массачусетс Технологиялар Институтымен келісім жасады
Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстандағы LEGO® Education Afterschool Programs-тың ресми және жалғыз әріптесі "Открытые Инновации” ЖШС ТМД бойынша алғаш рет әлемге әйгілі Массачусетс Технологиялар Институтымен (MIT/МТИ) ынтымақтастық туралы келісімге келді, деп хабарлайды "Открытые инновации" баспасөз қызметі.
Аталған келісімге сәйкес, 2018 жылдың қаңтарында LEGO® Education Afterschool Programs орталықтарының Қазақстандағы желісінде балаларға арналған Ғылым мен инновациялардың қысқы лагері (Winter Science Innovations Camp) ұйымдастырылады. Мұғалімдері - MIT-тің ең үздік студенттері. Лагердің мақсаты - STEM (Science, Technology, Engineering, Math) дамыту, Қазақстан балалары үшін жаңа мүмкіндіктерге және кәсіптерге жол ашу.
Аталған жобаға «Chevron» корпорациясы қолдау көрсетіп жатыр. Компания өкілі Лейла Айтмұханова: "Қазақстанда 25 жылға жуық жұмыс істеген компания әрдайым инновацияға ұмтылып, мұнай-газ саласындғы әлемдік стандарттарды ұстанып отыр. Әлеуметтік жобалар бойынша жастардың техникалық білім алуына шын жүректен қолдау көрсетуде және олардың алған білімдері мен машықтарын Қазақстанды өркендетуге тиімді түрде қолданатындарына сенім артады", - деп атап өтті.
MIT инженерлік салалар мен компьютерлік технологиялар бойынша барлық рейтингтердің көшбасшы университеті болып табылады. Әлемге аттары әйгілі Apple, Boeing, Microsoft, NASA, Oracle, Amazon сияқты корпорациялар осы университеттің түлектері үшін таласады. МИТ Нобель сыйлығы лауреаттарының саны бойынша да әлемде көш бастап тұр. Студенттерді қабылдау конкурсы өте күрделі, қиын болатындықтан, өтініш берушілердің 6 пайызы ғана оқуға түседі.
LEGO® Education Afterschool Programs желісі аясында Оқыту орталықтары жүйесінің негізін қалаушы, МТИ түлегі Шухрат Садыров: «Біз Қазақстан балалары үшін әлемдегі ең атақты технологиялық университет студенттерінен дәріс алу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымыз. Лагердің мақсаты – балаларды әлемді мойындатып отырған роботтар техникасы және инженерлік сала мамандарымен жете таныстыру, балаларымыздың болашағы үшін қажет болатын қолжетімді халықаралық кәсіптер көкжиегін кеңейту. Осы лагерден тәлім алушылар арасынан Қазақстанның болашақ инженерлері мен Google және басқа да әлемге белгілі корпорациялардың программистері шығатынына сенемін!», - деді.
Winter Science Innovations Camp Астана мен Алматы қаласында 2018 жылдың 8-26 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Бағдарламаға әрқайсысы 10 академиялық сағаттан тұратын 3 апталық модуль кіреді. Жұмыс 6 жастан асқан балалардан құралған топтар бойынша жүргізіледі. Оқу ағылшын тілінде, қазақ және орыс тілдеріне аудару арқылы өткізіледі. Лагерь аясында МИТ-ке оқуға түсу туралы ата-аналар үшін қосымша семинарлар ұйымдастырылады. Қазақстандағы LEAS Орталықтарының студенттері лагерге тегін қатысады, сонымен қатар робот техникасы бойынша жарыс жеңімпаздарына гранттар бөлінген.
Робот техникасы бойынша олимпиада 2018 жылы 20 қаңтарда «Робототехника Mindstorms EV3» және «Создатели кода WeDo2.0» пәндері бойынша өтеді. Балалар олимпиадасын ұйымдастырушылар Қазақстандағы LEGO® Education Afterschool Programs орталықтары және MIT. Олимпиадаға 6 жастан асқан кез келген бала, сонымен қатар робот техникасының қазақстандық балалар клубтары қатыса алады.
Тэги:
- 7kun.kz
- 7күнкз
- Microsoft
- ТМД
- Chevron
- technology
- Science
- NASA
- 7күн кз
- Boeing
- Amazon
- Нобель сыйлығы
- Шухрат Садыров
- Открытые инновации
- LEGO® Education afterschool programs
- МИТ
- Winter Science Innovations Camp
- Oracle
- STEM
- Engineering
- Math
- Массачусетс Технологиялар Институты
- Ғылым мен инновациялардың қысқы лагері
- pple
- LEAS
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024