Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы минималды жалақы Германиядағыдан 20 есе аз

Қазақстандағы минималды жалақы Германиядағыдан 20 есе аз

Брюссель. 14 ақпан. 7kun.kz - Eurostat Еуроодақтағы минималды жалақылардың мөлшеріне қатысты  зерттеудің қорытындысын жариялады.

Ең үлкен минималды жалақы - Люксембур (1999 еуро), Ирландия(1563 еуро),  Нидерландтар (1552 еуро), Бельгия (1532 еуро) мен Германияда (1498 еврo) екені анықталды.

500 еуро шамасындағы минималды жалақыға Чехия (407 еуро), Венгрия (412 еуро), Хорватия (433 еврo), Словакия (435 еуро), Польша (453 еврo) мен Эстония (470 еврo) жетпей тұр. Латвия мен Литвадағы ең кішкентай жалақы қазір 380 еуроны құрайды. Ең төменгі көрсеткіш - Болгария (235 еуро) мен Румынияда (275 еуро).

Елдердегі бағалар тепе-теңсіздігін ескеріп, ортақ шамаға Еуроодақтағы ең үлкен минималды жалақыға қатысты өзге мемлекеттердің жалақысы үштен бірін құрайды.

2008 жылмен салыстырғанда минималды жалақы  ең көп өскен елдер -  Болгария (+109%), Румыния (+99%) және Словакияда (+80%). Минималды жалақы азайған жалғыз ел болып халықтың еңбекақысы 14 пайызға азайған Греция тіркелді. 

Ал Аустрия,  Дания,  Италия, Финляндия, Швеция мен Кипрде  мемлекет ең төменгі жалақыны бекітпейді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2017 жылы минималды 24 459 теңге. 14 ақпандағы курспен есептегенде бұл - 71 еуро.

Похожие материалы