Астана. 14 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы "Қазақстандық кепілдендірілген ипотекалық кредиттер қоры" АҚ-ның базасында Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы қоры құрылды, жарғылық капиталына 10 млрд теңге бөлінген. Бұл механизмнің енгізілуі тұрғын үй құрылысына қосымша инвестиция тартып, азаматтардың үлестік құрылыстағы тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ведомство басшысының сөзінше, 2016 жылдың қарашасында 2,5 млрд теңгеге кепілдік беру бекітілген. Бұл қаржыға 10 мың 981 шаршы метр немесе 178 пәтер салуға болады. Осы жылы аталған бағытқа 10 млрд жіберу көзделіп отыр.
Сондай-ақ, өткен жылы жоспарланған 192 млрд теңгенің 148,2 млрд теңгесі арендалық, кредиттік және коммерциялық тұрғын үйге жұмсалған. Осы қаржының есебінен 225,3 мың шаршы метр немесе 3,6 мың пәтер пайдалануға берілді.
Ұлттық экономика министрлігі басқа да мәліметтер келтірді. Мысалы, 2016 жылы тұрғын үйлердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 77,9 млрд теңге бөлінген. Оның 98 пайызын немесе 76,5 млрд теңгесін әкімшілік игерген. 2017 жылы құрылыс үшін тағы да 57,4 млрд теңге қарастырылды. Тимур Сүлейменовтың түсіндіруінше, аймақтардағы қаржының игерілуі ең бірінші үнемге және мердігерлік ұйымдардың жұмыс уақытысынан қалуына байланысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024