Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы сауда орталықтары шетелдік брендтерге жеңілдік беруге мәжбүр

Қазақстандағы сауда орталықтары шетелдік брендтерге жеңілдік беруге мәжбүр

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандық сауда орталықтары халықаралық брендтердің келуіне жағдай жасауы керек. Бұл туралы Central Asia Fashion Spring 2017 шарасында Retail Space.kz атқарушы директоры Ержан Оразбаев мәлімдеді. 

Оның түсіндіруінше, қазақстандық нарыққа кірмес бұрын шетелдік компаниялар жақсы жағдай жасауды талап етеді. "Біз олардың айтқанын ескеруге мәжбүрміз, себебі ол брендтерсіз сауда орталықтары ешкімге қызық болмайды. KFC, Hardees, LC Waikiki, Zara болмаса, адамдар да аз келеді", - деп атап өтті Оразбаев.

ARCADA компаниясының директоры Руслан Ерекешовтың сөзінше, сауда орталығына трафик беретін жалға берушілер көп артықшылыққа ие. "Адамдар ағымын пайдаланатын және сол ағымды тудыратын ретейлерлер бар. Екіншілерінің шетелдік немесе қазақстандық компаниялар болғанына қарамастан үнемі оларға жеңілдік береміз", - дейді ол.

Спикерлердің сөзінше, 2016 жылы қазақстандық нарықтан шетелдік әрі отандық бірнеше компаниялар кеткен. Оған елдегі экономиканың тұрақсыздығы, кәсіби біліктіліктің болмауы және нашар тәуекел менеджменті себеп болған. Айта кету керек, тұтынушылар арасындағы тенденция да өзгеріп жатыр. Nielsen Kazakhstan-ның зерттеуіне сай, ел тұрғындарының 74 пайызы үнемдей бастаған, оның ішінде 58 пайызы киім-кешекке жұмсайтын қаржыны қысқартқан.

Похожие материалы