Қазақстандағы шетелдік банктердің жиынтық несие қоржыны 1,5 трлн теңгеден асып түсті
Шетелдік банктер 6 жыл ішінде қарыздар көлемін 8,5 есе арттырған. 2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша шетелдік банктер тобының жиынтық несие қоржыны 1,5 трлн теңгеден асып түсті деп хабарлайды ranking.kz.
Шетелдік банктердің тобына (капиталдағы басым қатысуы 90%-дан астам) 13 қаржы институты кіреді. 2010 жылдың ақпаны мен 2015 жылдың ақпаны аралығындағы кезеңде олардың несие нарығындағы меншікті салмағы 2%-дан 11%-ға артты.
Шетелдік банктердегі проблемалық қарыздардыың үлесі төмен болып қала беруде, қоржынның тек 10%-ы. Салыстыру үшін айта кетелік, нарықтағы мерзім өкізудің деңгейі - 29%.
"Банктер тобының өтеліп жатқан несиелерінің көлемі (мерзімі өткен берешектерді екермегенде) 1,4 трлн теңгені қамтыды - бұл екінші деңгейлі банктердің "таза" қарыздарының барлық көлемінің 14%-ы. Барлық нарық бойынша өтеліп жатқан несиелердің үлесі - 71%", - делінген сайтта жарияланған хабарламада.
Шетелдік банктердің негізгі тобын ресейлік банктердің төрттігі (Сбербанк, Альфа-банк, ВТБ банкі, ХоумКредит) түзеді. Олардың 2010-2015 жылдың ақпан айы ішіндегі жиынтық несие қоржыны 10 есе, 137 трлн теңгеге дейін өсті. 6 жыл ішінде несие нарығындағы ресейлік үлестес банктердің үлесі 1,4%-дан 9,7%-ға дейін өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024