Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жұмыссыздық көлемі 5%-ды құрады

Қазақстандағы жұмыссыздық көлемі 5%-ды құрады

Қазақстандағы жұмыссыздар саны 456, 2 мың адамға жетті. Қаңтар айындағы баға бойынша, республика экономикасында 8,6 млн адам жұмыс жасайды. Бұл жөнінде ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитеті хабардар етті.

Өткен жылмен салыстырғанда, жұмыс жасайтын адамдар саны 55,5 мыңға көбейген, яғни пайыздық көрсеткіші - 0,6%-ға өскен. Аталған уақыт аралығында жалдамалы жұмысшылар саны 6, 0 млн адамды құрады (жұмыс жасайтындардың 70,0%-ы).

2014 жылдың IV тоқсанында жасалған мәлімет бойынша, өз еркімен жұмыс жасайтындардың  71,7%-ы нәтижелі болса, 28,3%-ы  өнімсіз жұмыс атқаратындықтары белгілі болды.

2015 жылдың қаңтар айында жұмыссыздар саны 459, 2 мың адам болып, 5%-ды құрады.

2015 жылдың қаңтар айының соңына қарай жұмыспен қамту орталықтарында ресми түрде 47, 3 мың адам тіркелген ("Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының қатысушыларын қоспағанда). Экономикалық белсенді тұрғындармен салыстырғанда жұмыссыздар көлемі 0,5% болды.

Жасырын жұмыссыздық көлемі 2015 жылдың қаңтар айы бойынша экономикалық белсенді халықтың 0,3%-ын құрады.

Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы