Қазақстанда 2015 жылдың басынан 3,3 мыңнан астам қызметкер қысқартылды. Бұл туралы lsm.kz сайтына берген сұхбатында Денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Балжан Шаменова хабарлады.
"2015 жылдың 22 мамырындағы жағдай бойынша республика бойынша штат санының қысқаруы негізінде 150 кәсіпорында 3315 қызметкермен еңбек қатынастары тоқтатылған", - деп мәлімдеді Б.Шаменова. Бұл ретте елімізде тағы 334 кәсіпорында 5,3 мың адам қысқартылуы мүмкін. "Сарапшылар жүргізген болжамдарға сүйенсек, негізінен өңдеуші және тау-кен өндіруші өнеркәсіпте, әсіресе металлургия кәсіпорындарында жұмыстан босату қаупі жоғары. Мұнай-газ өндірісі басым аймақтарда жұмыссыздықтың өсу ықтималдығы жоғары", - деді Б.Шаменова. Сонымен қатар жұмыссыздар мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары, "Нұрлы жол", "Жұмыспен қамту жол картасы 2020", "Агробизнес 2020" жобалары арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұған қоса, жұмыссыздар жаңа мамандықты игеруге бойынша оқудан өте алады, оларға микронесиелер берілуі мүмкін. Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін елімізде жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындар арасында меморандумдар жасалуда. "2015 жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша республика бойынша 60,8 мың меморандум жасалды, оның ішінде 1424 ірі кәсіпорын және 59,4 мың орта және шағын кәсіпорын бар, мұндағы жалпы қызметкерлердің саны - 2 млн адам. Меморандумдар республикадағы барлық кәсіпорындардың шамамен 38%-ын қамтып отыр", - деп қорытындылады Б.Шаменова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024