Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүретін өзен көліктерімен 1,5 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 16 пайызға артық. Ресей бағыты бойынша тасымалдау көлемі 350 мың тоннаны құрады.
Кеме жүргізу қауіпсіздігіне жасалған шараларды уақытында іске асырудың нәтижесінде жүк тасымалдау көлемі артты. Атап айтқанда, 3812 навигациялық белгіні орнату мен қүтіп-ұстау; түбін тереңдету (3 245 мың м3, соның ішінде Орал-Каспий кеме жүретін каналда 500 мың м3); тегістеу (55 мың м3 ); түбін тазарту (10,7 мың тонна); үш кеме жүзу шлюзін күтіп-ұстау мен жөндеу және басқа жұмыстар бойынша ауқымды шаралар іске асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзен көлік оқиғалары 2017 жылдың навигациясында тіркелмеген.
Қазақстан өзендерінде кемемен жүру жалпы ұзақтығы 4040,5 шақырым болатын Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш су қоймалары учаскелерінде жүзеге асырылады.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды түрлі мақсаттарға арналған 530 жеке кеме иелері атқарады.
Өзен көлігімен тасымалданатын негізгі жүктерге құм және қиыршық тас қоспасы, шағыл тас, құрылыс материалдары, тұз, орман ағаштары, балық және габаритті емес жүктер жатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024