Алматы. 4 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың мамыр айында Қазақстандағы жұмысбастылық тізімінде тіркелген жұмыссыздар саны 92,2 мың адамға жетті. Бұл туралы Еуразиялық экономика комитеті хабарлады.
Ал сәуір айында бұл көрсеткіш 82,2 мың адамды құраған. Яғни өсім 13 пайыз.
Еуразиялық экономикалық комитеттің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) азаматтарының еңбек биржасында тіркелгендер саны мамыр айының соңында 1 миллионнан асқан. Бұл белсенді халықтың 1,2 пайызын құрайды.
2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда жұмыссыздар саны Арменияда1,3 пайызға, Беларусьта 25,8 пайызға, Ресей 16,5 пайызға кеміген. Ал Қазақстан мен Қырғызстанда керісінше 28,7 және 5,2 пайызға артқан.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, еуразиялық одақтағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,6 пайызын құрады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 10 пайызға артқанын хабарлағанбыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024