Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ өсімі 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2,5%-ға артты деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Болжамды бағалау бойынша ЖІӨ өсу қарқыны 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларында 2014 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 102,5% құрады.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 101,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің өндірісі аталған мерзімде 0,4%-ға артты, оның ішінде өндіру өнеркәсібінде өсім 0,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінде — 0,3%-ға көбейді, ал ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі 2,4%-ға, құрылыста -1,5%-ға, саудада 3,2%-ға, көлікте — 6,9%-ға, байланыста — 9%-ға артты.
Өткен жылы ел ЖІӨ-і 4,3%-ға өскен. Осы жылы 1,5% деңгейінде арттыру жоспарланып отыр.