Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйді сату/сатып алу бойынша 111 мың 848 келісім жасалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 27,3 пайызға артқан.2017 жылдың маусымында жылжымайтын мүлікті сату/сатып алу бойынша тіркелген мәміле саны - 21 мың 668. Ол мамырда жүргізілген келісімдерге қарағанда 7,8 пайызға көп.
Мамырда Жамбыл облысында айтарлықтай өскен - 20,2 пайыз. 2016 жылы маусымда - Астанада - 36,4 пайызға өскен. Ақпарат 2017 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректері негізінде дайындалған.
Ең көп сатылым Алматы қаласында (3,1 мың) жасалған. Сатылым көлемі бойынша екінші орында Астана қаласы (3000), одан кейін Қарағанды облысы (2,2 мың). Ал ең төменгі көрсеткішке ие болған Атырау (469) және Қызылорда облысы (596).
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024