Шымкент. 6 мамыр. 7kun.kz - Сондықтан да Арыс ауданының Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» шаруашылығы қаракөлдің терісін Италия еліне экспорттау үшін келісім шарт жасасты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысында қаракөл қой тұқымын көбейту жұмыстары қарқынды түрде қолға алынып жатыр. Шаруалардың айтуынша, қаракөл қойынан келер табыс мол. Қаракөл қойының терісі нарықта 100 АҚШ долларына бағаланды.
Бұл қой тұқымы ұзақ қашықтықта жайыла алады. Яғни, жай қойлар 3-4 шақырым жерге дейін барып жайылса, қаракөл тәулігіне 10-15 шақырымға дейінгі қашықтыққа кетіп жайыла алады. Сондай-ақ, ішілген судың жоғары минералдануын және ауа температурасының күрт ауытқуын жақсы көтереді.
Айта кетейік, «Байырқұм-Агро» шаруашылығы қаракөл қойын дамыту үшін мемлекеттен 35 млн теңге субсидия алған.
Сонымен қатар, Созақ ауданындағы «Құмкент» және «Қарақұр» өндiрiстiк кооперативi де 2016 жылы қаракөл тоқтысын Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне экспортқа шығарып, тиiмдi бағада сатты.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024