Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағыттары арқылы да ұшуға рұқсат етілді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Екіжақты серіктестік қарым-қатынастардың қалыптасуына байланысты Қазақстан мен Ресей Федерациясының әуе кеңістігі арқылы ұшу жөнінде келісім жасалды. Бірқатар келісімдердің қорытындылары бойынша, қазақстандық компанияларға Ұлан Батыр мен Токио сияқты қалаларға жол ашатын Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшырылымдар жасауға құқық берілді. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы талқыланған болатын»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.
«Бұған қоса, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және «Алматы-Байқоңыр» бағыттары бойынша күнделікті рейстерді жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Тараптар келісімді хат алмасу арқылы бекітті», министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024