Қазір Қытайға 100 шақты жол талғамайтын көліктер жіберді. Тағы да 120 автокөлік ақпан айында жіберіледі. Олардың құнын зауыттың қытайлық серіктестері төлеп қойған. Осы жылдың екінші тоқсанында дейін 300 автокөлік жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.
2016 жылы Lada автокөліктерінің алғашқы партиясы Түркіменстан мен Қырғызстанға жіберілді. 50 жуығы Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталды.
«Қазір БАӘ айына 30 көліктен жіберіледі. Холдинг Ресей нарығында да өзіндік сату және сервис жүйесін дамытып жатыр»,-деп атап өтті компания баспасөз қызметі.
2017 жылдың басында "АвтоВАЗ" Lada-ның бөлшек бағасын ұсынылған бағадан 2-3 пайызға көтерген. Олардың айтуынша, Lada автокөліктерінің Қазақстандағы қазіргі бағасы ресейлік компанияның бағасына есепке ала отырып қойылды.
Еске салсақ, «БИПЭК АВТО» автобизнестен түсетін салық көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Бес жылда автоөндіріс 145,9 млрд теңгеге жуық салық төлеген. Жалпы Lada автокөліктері сатылым бойынша Қазақстанда екінші орында тұр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024