Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 2-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 17 млн 958 мың теңгеден асып түсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Оның ішінде: "Qazaq Banki" АҚ - 3 млн. 843 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін) ; «Астана Банкі» АҚ - 1 млн. 971 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін); «Эксимбанк Қазақстан» - 9 млн 620 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);
«АТФ Банк» АҚ - 1 млн. 563 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны, сондай-ақ шектеулі ықпал ету шараларын уақытылы орындамағын үшін); «Нұр Банк» АҚ - 962 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны үшін).
Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 64 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: - 24 санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде; - 40 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 37 жазбаша ұйғарым және 3 жазбаша ескерту. Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде талаптар көзделген: - банктік қарыз шартына қызмет көрсетуді; - төлемдер мен ақша аударымдарын; - банктік шоттарға қызмет көрсетуді; - Ұлттық Банкпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға байланысты талаптарды сақтамайтыны көрсетілді.
2018 жылғы 2-тоқсанда банктердің арасында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша ең көп бұзушылыққа жол берген мынадай банктерді атап өтуге болады: «Qazaq Banki» АҚ (16%) , "Астана банкі" АҚ (16%), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (14%), «АТФ Банк» АҚ (11%), «ForteBank» АҚ (11%).
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024