Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық биржадағы ең табысты құнды қағаздар белгілі болды

Қазақстандық биржадағы ең табысты құнды қағаздар белгілі болды

Қазақстандықтар жыл басынан бері отандық қор нарығында тек бірнеше құнды қағаздардан ғана пайда түсіре алды. Инвесторларға "ҚазТрансОйл" (ҚТО), ЦентрКредит Банкі және «Қазақтелекомның» акциялары табыс әкелді деп жазады LS.

BCC Invest сарапшысы Наина Романованың түсіндіруінше, қазақстандық компаниялардың көпшілігі жыл басынан бері жағымды болған жоқ. "2015 жылдың басынан бері инвесторлар тек "ҚазТрансОйл" (ҚТО), ЦентрКредит Банкі және «Қазақтелекомның» құнды қағаздарына инвестиция салулары табыс түсірді. Байланыс оператороның акциясы компанияның халықаралық IPO-ға шығуы мүмкін деген қауесеттен кейін өсіп жатыр. ҚТО қағаздары жақсы дивидендтер төлеміне байланысты көтерілгенде, банк акциялары алыпсатарлық белсенділігі арқылы өсіп жатты. "ҚазМұнайГаздың" қарапайым және артықшылыққа ие акциялары ең төменгі өсім көрсетті. Мұнай бағасының құлдырауы, төменгі дивидендтер акция құнының арзандауына әсер етті", - деп мәлімдеді сарапшы. Оның болжамынша, жақын арада қор нарығында түзету болып, қазақстандық құнды қағаздарға кері әсер етуі мүмкін. "Біз инвесторларға акцияларды түзетуден кейін алуға кеңес береміз. Ең тартымды қағаздар ретінде жоғары дивидендті табыстары бар қазақстандық компаниялардың акциялары есептеледі", - деді Н.Романова.

Похожие материалы