Қазақстанда заңды тұлғаларға берілетін қарыздар 2015 жылдың 1 шілдесінде 5,47 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері 22 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкі хабарлайды.
«Аталған төмендеудің орын алуына бір мезгілде Қазкоммерцбанк пен БТА банк арасында активтер мен міндеттемелерді табысталуы, және де БТА банктің лицензиясының тоқтатылуы мен банк жүйесінен шығуы себеп болды», — деп түсіндірме берді елдің бас банкінде.. Жалпы алғанда қарыз қоржыны көлемінде заңды тұлғаларға несие беру үлесі - 43,8%-ды құрады. Сондай-ақ, шағын және орташа бизнеске 3, 245 трлн теңге қарыз берілген. Жеке тұлғаларға қарыз беру көлемі 3,7 трлн теңгені құрап, қарыз қоржынының 29,7% үлесін алып отыр. Жыл басында ол көрсеткіш 3,7 трлн теңгеден аса болатын. Осылайша, жыл басталғалы байқалған өсім - 0,1%. Ал, тұтынушы қарыздары қоржынның 20,8%-ын алып, 1 шілдеде 2,6 трл теңгені құрады. Көрсетіш жыл басынан бері 1,6%-ға қысқарған. Екінші дейгейлі банктерді міндеттемелері 2015 жылдың 1 шілдесінде 15,3 трлн теңгені құраған. Жыл басынан бергі төмендеу – 3,6%. Аталған банктердің бірлескен міндеттемелерінде тұтынушылар салымдарының үлесі көп - 74,5%. Ал, айналымнға шығарылған құнды қағаздар – 9,9%.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024