Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады. Назарларыңызға ұсынамыз.
Топ-10 ішінде ең жоғары көрсеткіш «Fortebank» АҚ тиесілі
"Бұл банктің жеке қаражатының банк активіне қатынасы 14%-ды құрайды" - дейді Finprom.kz сайтының сарапшылары.
«2015 жылдың басынан 2016 жылдың маусымына дейін банктің кредиттік қызметін өз қаражатымен жабу деңгейі 16-17% аралығында болған. Осы жылдың екінші жартысында банк ақырындап экономиканы кредиттеуді жылдамдатты, осылай көрсеткіштің төмен түсуінің алдын алды»,- дейді сарапшылар.
Рейтинг бойынша екінші орында жеке капиталының активіне қатынасы 13%-ды құрайтын «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ
Банк 2015 жылдың бірінші жартысында активтерінің бірден ұлғайғанын қатаң бақылауға алды, ал тәуекелдерін өз қаражатымен жабу көрсеткіші 17% шеңберінде болды.
Бірақ, банк 2015 жылдың екінші жартысында кенеттен өз көлемін ай сайын 8%-ға ұлғайта бастады. Бұл үрдіс өткен жылдың соңына дейін жалғасты деген пікірде аналитиктер.
2016 жылы үшінші орында - сенімділік тұрғысынан «Kaspi bank». Оның көрсеткіші 11%.
«2016 жылдың басында капиталдың банк көлеміне қатынасы 8%-ға дейін төмендеген болатын. Бірақ экономиканы кредиттеу үдерісін баяулату арқылы көрсеткішін 11%-да ұстап қалды», - дейді аналитиктер.
Сарапшылардың айтуынша Қазақстанның банк секторына өз тұрақтылығын дәлелдейтін уақыт жақындап келеді. Сондықтан, екінші дәрежелі банктер бизнесін кеңейткенше, капиталын өсірудің амалын жасауда дейді аналитиктер. Олардың пікірінше, нарық қатысушылары экономикадағы жағымсыз тенденциялардың аясында өз баланстарын қайта қалпына келтіруді тездетеді.
«Биылғы жылдың банк секторындағы ең басты парадигмасы – «тылды» күшейтіп, көбейіп кеткен тәуекелді жабатын резерв көлемін өсіру. Банктер өз баланстарын қалпына келтіруге көп көңіл бөлуде, нәтижесінде олардың жиынтық капитал көлемі бір жыл ішінде 15%-ға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Ал осы жылы банк секторындағы активтердің көбеюі бірден баяулаған», - дейді аналитиктер.
Олардың сөзіне сенсек, 2015 жылы банк активтерінің көлемі 25%-ға өссе, биыл небәрі 13% мөлшерінде.
«Қазақстан банктерінің жеке капиталының активіне қатынасы 2016 жылы 11% болып қалмақ. Бұл 2013-2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда төмен» - делінген шолуда.
Сонымен қатар талдаушылар қазіргі жағдайды 2012 жылмен салыстырып қарады. Себебі ол кездері банктердің тәуекелді өз капиталынан жабу деңгейі 4% болатын. Сондықтан 11% өте жайлы көрсеткіш дейді мамандар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024