Осы жылдың күзінде фермерлер мемлекетке бидай тапсыруда қиындықтарға тап болады. Елдегі ең ірі элеваторлық қуатқа ие "Иволга-Холдинг" компаниясы бидай қабылдай алмайды деп жазады LS Қазақстанның фермерлер одағының хабарламасына сілтеме жасап.
"Орталықтан "Иволгаға" мемлекеттік бидайды жеткізбеу туралы бұйрық келген. Басқа толық ештеңе түсіндірілген жоқ. Үлкен көлемде бидайдың жетіспеушілігі және бірқатар қателіктер жасалғандығы туралы айтылуда алайда ақпарат нақты емес. Бұл Қостанай облысындағы фермерлер үшін өте өзекті мәселе, себебі "Иволга" элеваторларына бәсекелес орындар тек екі ауданда ғана бар. Өзге аудандар бидайларын қайда жеткізетіндігі белгісіз", - деп хабарлайды одақтың Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы Владимир Дранчук. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, нан қабылдау пункттері мен элеваторлар жұмысының ашықтығы туралы осыған дейін де бірнеше рет айтылған болатын. "Қағаздағы сандар шынайы өмірде басқаша болуы мүмкін. Жиналған егісті элеваторға алып барғанда фермер нанының 20 пайызын жоғалтады. Бірақ нақты шығын қандай екенін, элеватор бидайдық қандай мөлшерін өзінде ұстап қалатынын тек болжай аламыз", - деп есептейді фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Даринов. Проблеманы шешу жолы ретінде Ә.Даринов егіндіктегі және элеватордағы бидай көлемін онлайн режимінде бақылап отыратын спутник технологиясын енгізуді ұсынады. Бұл адами факторды жоюға мүмкіндік береді. Алайда мамандар мемлекеттік нан инспекциясын қайта құрылуы оң серпін береді деп есептейді. Фермерлер одағының пікірінше, элеватор қуаттарына ие ірі холдингтер проблемаға кезіксе, кейінірек бұл проблемалар орта шаруаларға да әсерін тигізеді. Ә.Дариновтың айтуынша, элеваторлары бар компаниялардың акционерлері элеваторларын қайта жөндеуге қаржы бөлмеген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024