Экономика
Қазақстандық ІТ маманы 2 млн доллар табысын қатерлі ісікті зерттеу ұйымына берді
Қазақстандық жас ІТ маманы Асхат Мурзабаев Ұлыбританиялық Barclays банктік тобында жарты жыл жұмыс істеп тапқан 2 млн доллар табысын қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы ол блогшы Бота Жұмановаға берген сұхбатында айтқан.
Жас маман 2 млн долларды қатерлі ісікпен күресу жолдарын зерттеу ұйымына берген. «Миллион доллар таба алған адам екінші рет те оған қол жеткізе алады деп ойлаймын. Бірақ, бұл өмірлік мақсат емес. Мақсат ақшадан да жоғары болуы керек», -дейді Асхат. Еске сала кетейік, Асхат Twitter компаниясында жұмыс істеген жалғыз қазақстандық. С.Демирель университетінің түлегі қазіргі кезде жас қазақстандықтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын HIPO.kz стартапын басқарады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024