Қазақстандық композитор түрмедегі бизнесменді қорғап Президентке ашық хат жазды
Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Белгілі ақын, композитор Еркеш Шәкеев әлеуметтік желідегі парақшасында түрмеде жатқан бизнесмен Ескендір Ерімбетовты қорғап, Елбасына ашық хат жолдады.
Ол хатта 2017 жылдың 13 қарашасында тұтқындалған бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің абақтыда зорлық пен психологиялық қысым көріп жатқаны туралы ақпарат тарағанын, бұл біздің еліміздің беделіне, қоғамдағы рухани, әлеуметтік бағытына нұқсан келтіретінін жазған.
«Досымның тәртібі, оның Отанға махаббаты мен шыншылдығын біле отырып, оның барлық кінәсі Әблязовтың адвокаты болған Бота Жәрдемәлінің туыстығында ғана екенін түсінемін. Сізден шындық пен әділеттіліктің атынан осы мәселені шешуге көмектесуді сұраймын», - делінген хатта.
Айта кетейік, жақында белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембаев та Ескендір Ерімбетов ісі бойынша өзінен жауап ала бастаған соң, шетелге кетуге мәжбүр болғанын жазған еді. Сондай-ақ, Ерімбетовтың әке-шешесі баспасөз мәслихатын өткізіп, бизнесменнің түрмеде қатты қысымға ұшырап, ауыр жағдайда отырғанын мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024