АҚШ прокуратурасы соттан Бостон марафонындағы теракт бойынша іске қатысы бар деп айыпталып отырған қазақстандық Диас Қадырбаевты 7 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді деп хабарлайды Reuters.
"Қадырбаевтың Царнаевтың жарылыс туралы жоспарларын білгендігі немесе қандай-да бір рол атқарғандығы туралы ешқандай дәлелдер жоқ", - деп мәлімдейді прокуратура өкілдері. Алғашында оны 25 жылға қамау туралы өтінген еді, бірақ Қадырбаев өзінің кінәсін мойындап, тергеумен келісімге келді деп хабарлайды РБК. Қадырбаев 2013 жылдың 15 сәуірінде болған терактіні зерттеуге кедергі келтірді деп айыпталып отыр. БАҚ-тың мәліметінше, Қадырбаевтың бөлме бойынша көршісі Азамат Тажаяқов федералды алқабилер сотымен жасырушылыққа айыпталып, федералды түрмеге 25 жылғы бас бостандығынан айырылды. Ал Массачусетстегі соттың хабарлауы бойынша, қазақстандық студент Азамат Тажаяқовқа үкім шығару кейінгі қалдырылды. Куәгерлердің мәлімдеуінше, Қадырбаев Царнаевқа қатысты айғақ заттарды жоюды ұсынған және Царнаевтың сөмкесін қоқыс контейнеріне тастап жібереді. Жолдорбада отшашулар, вазелин құтысы және флешка болған. ФБР сөмкені қоқыс алаңынан тауып алды. Царнаевтың өзін алқабилер соты өлім жазасына кесті. Жаза арнайы инъекция салу арқылы жүзеге асырылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024